Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 74 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
74-бап. Мемлекеттiк орман қорының ерекше құнды екпелерi

1. Мемлекеттiк орман қорының ерекше құнды екпелерiне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгiзiлуi не ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мына санаттарына енуi мүмкiн ерекше құнды орман алқаптары, орман жемiсi екпелерi, тоғайлы және субальпiлiк орман алқаптары жатады: 

1) генетикалық орман резерваттарын қоса алғанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi; 

2) жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары; 

3) субальпiлiк ормандар. 

2. Мемлекеттiк орман қорының ерекше құнды екпелер учаскелерiнде осы Заңға және Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес оларды күзету мен пайдаланудың қорықтық немесе қаумалдық режимi белгiленедi.
Статья 1 ...72 73 74 75 75‑1 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 74-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175