Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 76 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
76-бап. Бiрегей табиғи су объектiлерi немесе олардың учаскелерi

1. Бiрегей табиғи су объектiлерiне немесе олардың учаскелерiне теңiздер, өзендер, көлдер, мұздақтар және басқа да жер бетiндегi су объектiлерi немесе олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар бөлiктерi жатады. 

2. Бiрегей табиғи су объектiлерi немесе олардың учаскелерi олардың маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң құрамына енгiзiледi, сондай-ақ олардың шекарасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерi құрылуы мүмкiн. 

3. Бiрегей табиғи су объектiлерiнде немесе олардың учаскелерiнде осы Заңға және Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес олардың қорғалуын қамтамасыз ететiн су пайдаланудың қорықтық, қаумалдық немесе реттелмелi режимдерi белгiленедi.
Статья 1 ...75 75‑1 76 77 78 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 76-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175