Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерi



Ст. 78 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



1. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

2. Мемлекет өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, оның ішінде олардың дириваттарын алып қоюға:

1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу;

2) аң аулаудың ұлттық түрлерін дамыту;

3) ғылыми зерттеулер;

4) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айрықша жағдайларда жол беріледі.

 Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...76 77 78 79 80 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 78-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175