Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
81-бап. Экологиялық дәлiздер



Ст. 81 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



1. Экологиялық дәлiздер барлық санаттағы жер учаскелерінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, биологиялық саналуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтiн жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетiн өсiмдiктердiң таралу жолдарын қорғау мақсаттарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiнiң басқа да элементтерi арасындағы кеңiстiк байланысты қамтамасыз ету үшiн құрылады.

2. Экологиялық дәлiздер учаскелерiнде жабайы жануарлардың уақытша мекендейтiн жерлерiнде олардың сақталуын, қоныс аудару кезеңдерiнде олардың жүрiп өтетiн жолдарының сақталуын, жабайы өсiмдiктер өсетiн жерлердiң сақталуын қамтамасыз ететiн осы жерлердi пайдаланудың реттелмелi режимi белгiленедi.

Экологиялық дәліздер режимінің ерекшеліктері ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында айқындалады.

3. Экологиялық дәліз құру туралы шешімді жаратылыстану-ғылыми негіздеме негізінде уәкілетті органның ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.

Экологиялық дәліздердің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.

Экологиялық дәліздерді қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелері жүзеге асырады. Экологиялық дәліздер уәкілетті органның шешімдерімен табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп берілетін болады.

4. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамудың өңiраралық схемалары, қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары мен экологиялық дәлiздер аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасы уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.

 Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
18-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...79 80 81 82 83 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 81-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175