Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы
10-2-бап. Бағалау стандарттары



Ст. 10-2 Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109



1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және уәкілетті орган бекіткен бағалау стандарттары Қазақстан Республикасындағы бағалау стандарттары деп танылады.

Бағалаушылардың бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық стандарттарды пайдалануға құқығы бар.

2. Бағалау стандарттары бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндетті болып табылады және олардың күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

 3. Бағалау стандарттары қабылдануы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды.

Ескерту. 2-тарау 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
3-ТАРАУ. БАҒАЛАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

Статья 1 ...10 10-1 10-2 11 11-1 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-2-бап Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109