Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы
10-бап. Бағалаушының тәуелсiздiгi



Ст. 10 Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109



1. Бағалаушы, егер:

бағалаушының бағалау объектiсiне қатысты шарттан тыс заттық немесе мiндеттемелiк құқығы болса не оны сатып алса;

бағалаушы заңды тұлғаның - тапсырыс берушiнiң акционерi, құрылтайшысы, қызметкерi, меншiк иесi, қатысушысы, кредит берушiсi, дебиторы, демеушiсi болып табылса не бағалаушы - жеке тұлға тапсырыс берушi - жеке тұлғаның жақын туысы немесе жекжаты болып табылса;

бағалаушы-заңды тұлға басшысы не ол уәкілеттік берген адам тапсырыс беруші-жеке тұлғамен және (немесе) заңды тұлғаның басшысымен не ол уәкілеттік берген адаммен жақын туыстық немесе жекжаттық қарым-қатынаста болса, бағалауды жүргізе алмайды. 

2. Егер бұл бағалау жүргiзу нәтижесiнiң дұрыстығына, оның iшiнде бағалау жүргiзу кезiнде анықталуға тиiс мәселелер шеңберiн шектеуге терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн болса, бағалаушының қызметiне тапсырыс берушiнiң не өзге мүдделi тұлғалардың араласуына жол берiлмейдi.  

3. Бағалау жүргiзгенi үшiн бағалаушыға төленетiн ақының мөлшерi бағалау объектiсiнiң анықталатын құнына проценттiк қатынаспен көрсетiлмейдi және ол тараптардың келiсiмi бойынша жұмыстарды орындағанға дейiн белгiленедi.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.05.08. N 414, 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 10-1 10-2 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109