Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы
13-1-бап. Бағалаушылар палатасы



Ст. 13-1 Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109



1. Бағалаушылар палатасы өзінің құрамына бағалаушыларды біріктіретін коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

2. Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледі.

Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында бір ғана бағалаушылар палатасы құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.

3. Бағалаушы палатаның құрылтай шартын және жарғысын таныған және бағалаушылар палатасына мүшелікке кіру шарттарын орындаған кезде оны бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға болмайды. Бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

4. Бағалаушылар палаталары қауымдастық (одақ) нысанында Республикалық бағалаушылар палатасына бірігуге және халықаралық бағалаушылар бірлестіктеріне кіруге құқылы.

Статья 1 ...12 13 13-1 13-2 13-3 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-1-бап Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109