Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы
13-2-бап. Бағалаушылар палатасының функциялары



Ст. 13-2 Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109



Бағалаушылар палатасының функциялары:

1) бағалаушының іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерін әзірлеу және бекіту;

2) бағалаушыларды оқыту және қайта даярлау;

3) палатаға мүшелікке қабылдау және одан шығару негіздерін көрсете отырып, бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдау ережелері мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

4) өз мүшелерінің мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдарымен қатынастарында олардың мүдделерін білдіру;

5) өз мүшелерінің бағалау қызметі туралы заңнаманың, бағалау стандарттарының, іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

6) бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мүдделі тұлғаларға беру;

7) өз мүшелерінің ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

8) палатаның бағалаушысына палата бағалаушыларының, бағалау қызметі саласында көрсетілетін қызметті тұтынушылардың өтініштерін, өтінішхаттарын, шағымдарын қарау;

9) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес бағалаушылар палатасы мүшесінің лицензиясын тоқтата тұру немесе одан айыру жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы өтінішхат беру;

10) біліктілік комиссиясының құрамына кіргізу үшін өкілдер жіберу болып табылады.

Статья 1 ...13 13-1 13-2 13-3 14 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-2-бап Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109