Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы
13-3-бап. Республикалық бағалаушылар палатасы



Ст. 13-3 Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109



1. Республикалық бағалаушылар палатасы өзінің құрамында Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалаушылар палаталарының жалпы санының жартысынан астамын біріктіретін коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

Республикалық бағалаушылар палатасы ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның атауында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Республикалық бағалаушылар палатасы" деген сөздер болмауға тиіс.

2. Республикалық бағалаушылар палатасының қызметі осы Заңмен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледі.

3. Қазақстан Республикасының аумағында бір Республикалық бағалаушылар палатасы құрылады.

4. Республикалық бағалаушылар палатасының функциялары:

1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдарында бағалаушылар палаталарының мүдделерін білдіру;

3) бағалаушылар палаталарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

4) бағалау стандарттарын әзірлеуге қатысу;

5) бағалаушыларды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

6) тағылымдамадан өту тәртібі туралы ұсынымдар әзірлеу;

7) бағалаушылар палатасына бағалаушылар палаталарының, бағалау қызметі саласында көрсетілетін қызметті тұтынушылардың өтініштерін, өтінішхаттарын, шағымдарын қарау;

8) Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мүдделі тұлғаларға беру болып табылады. 
4-ТАРАУ. ТАПСЫРЫС БЕРУШIНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МIНДЕТТЕРI

Статья 1 ...13-1 13-2 13-3 14 15 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-3-бап Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109