Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
11-бап. Патент иеленушiнiң айрықша құқығы мен мiндеттерi

1. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады.

Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап осы қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады.

2. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану, жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалану болып танылады.

Егер өнiмде оны пайдалану басталған күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң әрбiр белгiсi немесе соған барабар белгi болып, ол қорғалатын әдiс пайдаланылса, өнiм қорғалатын өнертабысы немесе пайдалы моделі бар деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолдануға болады деп табылады.

Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу не осы мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп танылады.

Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi болса, ол қорғалатын өнеркәсiптік үлгiсi бар деп танылады.

3. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi.

Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлердiң келiсiмiнсiз оған лицензия беруге немесе қорғау құжатын басқа адамға беруге құқығы жоқ.

Патент иеленушi қолданылатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнің патенттелгенін көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады.

4. Патент иеленушi өнеркәсіптік меншік объектісін пайдаланбаған және ол тиімді коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан кезде, егер өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғашқы жарияланғаннан кейiн өнеркәсіптік меншік объектісі осындай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген үш жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаған болса, сұрау салынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде кез келген адам өзiне мәжбүрлі ерекше емес лицензияны алып беру туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауының құқыққа сыйымды себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот көрсетілетін лицензияны пайдалану шегiн, мерзімдерін, төлем мөлшерi мен тәртiбiн айқындай отырып береді. Төлем мөлшерi лицензияның қалыптасқан практикаға сәйкес айқындалған нарықтық бағасынан төмен болып белгіленбеуге тиiс.

Мәжбүрлі ерекше емес лицензия:

1) ұлттық қауіпсіздікті немесе халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету қажет болған;

2) патент иеленуші өзінің айрықша құқықтарын теріс пайдаланған, оның келісімімен басқа тұлғаның осындай айрықша құқықтарды теріс пайдалануына жәрдемдескен немесе кедергі жасамаған жағдайларда да беріледі.

Осы тармақтың ережелеріне сәйкес, жартылай өткізгіштер технологиясына жатқызылатын өнертабысты пайдалануға арналған мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беруге оны мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге орай коммерциялық емес пайдалану үшін ғана немесе сот тәртібімен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзады деп танылған ережелерді өзгерту үшін жол беріледі.

 Кез келген мәжбүрлі ерекше емес лицензия мұндай лицензия патенттелген дәрілік затты немесе патенттелген процесс арқылы алынған дәрілік затты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өндірістік құралдар болмаған немесе жеткіліксіз болып табылатын аумаққа экспорттау мақсаты үшін дәрілік затқа немесе дәрілік затты дайындау процесіне сұратылатын жағдайларды қоспағанда, бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы iшкi нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін берілуге тиiс.

Мәжбүрлі ерекше емес лицензия берiлген адам көрсетілген өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын басқа адамға осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен бiрге ғана бере алады.

Мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беруге себеп болған мән-жайлардың қолданысы тоқтатылған жағдайда оның күші сот арқылы жойылуға жатады.

5. Тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басқа қорғау құжатын иеленушiнiң құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын патент иеленушінің Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мәжбүрлі ерекше емес лицензияны өзіне беру туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басқа қорғау құжатын иеленушінің құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын патент иеленуші өзінің өнеркәсіптік меншік объектісі маңызды техникалық жетістікті білдіретінін және басқа қорғау құжатын иеленушiнiң өнеркәсіптік меншік объектісінің алдында айтарлықтай экономикалық маңызға ие екенін дәлелдесе, сот оған мәжбүрлі ерекше емес лицензия беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Көрсетілген лицензияны беру кезінде қорғау құжаты басқа тұлғаға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану шектерiн, мерзімдерін, төлем мөлшерi мен тәртiбiн сот айқындауға тиiс. Бұл ретте төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның нарықтық бағасынан төмен болмауға тиiс.

Осы тармақтың негiзiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығы бұл құқық қорғау құжатына байланысты берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне тек қана осы қорғау құжатын берумен бірге берiлуi мүмкiн.

Осы тармаққа сәйкес мәжбүрлі лицензия берілген жағдайда, көрсетілген лицензияның негізінде пайдалану құқығы берілген қорғау құжатына патент иеленушінің мәжбүрлі лицензия берілген тәуелді өнертабысты пайдалануға лицензия алуға да құқығы бар.

6. Патент иеленушi өзі алған қорғау құжатын жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады. Өзгеге беру шарты уәкiлеттi органда мiндетті түрде тiркелуге жатады.

Қорғау құжатын басқаға беру шартын тіркеу сараптама ұйымы жүргізетін материалдарды сараптама нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Өзгеге беру шартын тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы өтініш ұсынылады.

Өтінішке:

1) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын, титулдық парақпен жабдықталған, өзгеге беру шартының төрт дана түпнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған қағаз пломбамен бекітіледі, мөр бедерлемесі мен екі тараптың немесе соған уәкілеттік берілген екі тарап тұлғаларының не өтініш берушінің қолдары қойылады.

Өзгеге беру шарты түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

2) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда – сенімхат;

3) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат қоса беріледі.

Ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімін ұсынады.

Өтiнiш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен көрсетiлуге тиiс. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы өтінішке қоса беріледі.

Өтiнiш бiр өзгеге беру шартына қатысты болуға тиiс.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкілетті органға шарт құжаттарын өз атынан берген жағдайда, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдері арқылы жүзеге асырады.

Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде шартты тiркеуге байланысты құқықты патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілсіз жүзеге асыра алады.

7. Өтініш беруші тіркеуге арналған құжаттар тізбесін ұсынғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың болуы және оларға белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі, қорғалатын құжатты өзгеге беру шартының өтінішке қоса берілетін материалдарында сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге төлем есебі беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзім сараптама жасау ұйымына төлем келіп түскен күнінен бастап есептеледі.

Өзгеге беру шартының қарауға қабылданған материалдары бойынша жиырма күн мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында өзгеге беру шартының материалдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес зерделеу жүргізіледі.

8. Жоюға болатын, өзгеге беру шартын тіркеуге кедергі жасайтын негіздер:

1) қорғау құжатын күшінде қалдыру үшін төлемнің жүргізілмеуі;

2) өзгеге беру шартында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы.

9. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе осы баптың 8-тармағында көрсетілген өзгеге беру шартын тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда сараптама жасау ұйымы сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беру немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныспен өтініш берушіге сауал жібереді. Бұл жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мәні бойынша сараптама жүргізу мерзімі жетіспейтін немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

10. Мынадай негіздер болған:

1) соған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының қолданысы тоқтатылған;

2) сараптама жасау ұйымының сауалына үш ай ішінде уақтылы жауап қайтарылмаған;

3) қайтарылған жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттар болмаған кезде сараптама жасау ұйымы өзгеге беру шартын тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.

Сараптама жасау ұйымы қорытынды шығарылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, осы қорытындыны уәкілетті органға жібереді.

11. Сараптама нәтижесi оң болған кезде сараптама жасау ұйымы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгеге беру шартын тiркеуге кедергi келтiретiн негiздердiң жоқтығы туралы қорытынды жiбередi.

Өзгеге беру шартын тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

12. Шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган:

1) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн және оның тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан басады;

2) шарт туралы мәлiметтердi тiркелген шарттардың тiзiлiмiне енгізедi;

3) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын қорытындымен бірге сараптама ұйымына жібереді.

Сараптама ұйымы тіркелген шарттар бойынша соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатына қосымшаны ресімдейді, өтініште хат-хабар алмасу үшін көрсетілген мекенжай бойынша тіркелген шарттың екі данасын және қорғау құжатына қосымшаны жібереді, тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.

Шарттың екі данасы тиісінше уәкілетті орган мен сараптама ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.

Кез келген тұлға тiркелген өзгеге беру шарттарының тiзiлiмiнен тiркелген өзгеге беру шарттары туралы мәлiметтерге қатысты үзінді көшiрменi ашық жариялау үшін алуы мүмкін.

Үшiншi тұлғаларды өзгеге беру шартының мәтiнiмен таныстыруға, сондай-ақ одан үзінді көшiрме алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.

Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде өзгеге беру шартын тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша қайтарылады.

13. Қорғау құжатын басқаға беру шарты уәкілетті органда тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.

14. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты және (немесе) оны алу құқығы мұрагерлiк бойынша немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi.

15. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн жыл сайын өтінім берген күнге сәйкес келетін күні төлем жүргізуге мiндеттi.

Қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн алғашқы төлем қорғау құжатын беру туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі және өтінім берілген күннен бастап алдындағы жылдар үшін төлемді қамтиды.

16. Еуразиялық патентті Қазақстан Республикасының аумағында күшінде ұстап тұру үшін баж мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...38

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться