Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Патент Заңы

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
12-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайтын әрекеттер



Ст. 12 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427



Мыналар патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу деп танылмайды:

1) конструкциясында қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды немесе басқа елдердiң көлiк (теңiз, өзен, әуе, жер бетiндегi және ғарыштағы) құралдарын пайдаланған кезде, аталған құралдар Қазақстан Республикасының аумағында уақытша немесе кездейсоқ тұрған және көлiк құралдарының мұқтаждары үшiн пайдаланылып отырған жағдайда қолдану. Егер көлiк құралдары Қазақстан Республикасы көлiк құралдарының иелерiне осындай құқық беретiн елдердiң жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi болса, мұндай әрекеттер патент иеленушінiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайды;  

2) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қамтитын құралға, егер осындай ғылыми зерттеудің немесе эксперименттің мақсаты кіріс алу болып табылмаса, ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргiзу; 

3) төтенше жағдайлар (табиғи зiлзалалар, апаттар, iрi авариялар) кезiнде мұндай құралдарды кейiннен патент иеленушiге дереу хабарлай отырып және патент иеленушiге мөлшерлес өтемнiң ақысын төлей отырып қолдану;  

4) егер мұндай пайдаланудың мақсаты табыс алу болып табылмаса, мұндай құралдарды жеке, отбасылық, үйдегі немесе өзге де кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мұқтаждарды қанағаттандыру үшін қолдану; 

5) қиын-қыстау жағдайларда дәрiгердiң рецептi бойынша дәрiханада бiр жолғы дәрi дайындау;  

6) егер қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісі бар құралдарды Қазақстан Республикасының аумағына азаматтық айналымға тікелей патент иеленуші немесе патент иеленушінің рұқсатымен өзге тұлға бұрын енгізген болса, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, қолдану, сатуға ұсыну, сату, өзге де азаматтық айналымға енгiзу немесе осы мақсаттарда сақтау.

 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427