Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм құжаттарын түзету



Ст. 21 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427



1. Тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн өтiнiм берушiнiң сараптама ұйымына тиісті өтінішхат беру арқылы өтiнiм құжаттарына мәлімделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар, сондай-ақ қорғау құжатын алуға құқықты беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер енгiзуге құқығы бар.

Осы өзгерiстер өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде енгiзiлген жағдайда төлем алынбайды.  

2. Өтінім берушінің атауының өзгеруі нәтижесінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерiстер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi түзету тиiстi төлем төленген жағдайда өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеген күнге дейiн жасалуы мүмкiн.

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586 , 2007.03.02. N 237; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 22-1 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427