Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Патент Заңы

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және қорғау құжатын беру



Ст. 25 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427



1. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттiк тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.  

2. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.

Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау құжаты берiледi.  

3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.  

4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427