Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
30-бап. Қорғау құжатының күшi жоқ деп танылуы және оның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату



Ст. 30 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427



1. Апелляциялық кеңес шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

Қорғау құжаты ішінара жарамсыз деп танылған жағдайда өнертабыстың қалған қорғауға қабілетті объектісіне, өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің нұсқасына жаңа патент беріледі.

Толық немесе ішінара жарамсыз деп танылған, өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент патентке өтінім берілген күннен бастап күшін жояды.

Кейіннен жарамсыз деп танылған патент негізінде жасалған лицензиялық шарттар патенттің жарамсыздығы туралы шешім шығарылған кезге орындалған деңгейде күшін сақтайды.

Патентті жарамсыз деп тану уәкілетті органның өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы шешімінің күшін жоюды және тиісті мемлекеттік тізілімдегі жазбаның күшін жоюды білдіреді. 

2. Қорғау құжатының қолданылуы:

1) бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға патент иеленушi берген арыз негiзiнде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. Егер қорғау құжаты бiр топ өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне берiлген болса, ал патент иеленушiнiң өтiнiшi осы объектiлер тобының бiр бөлiгiне ғана қатысты берiлсе, қорғау құжатының күшi тек өтiнiште көрсетiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қатысты ғана тоқтатылады;  

2) белгiленген төлем мерзiмiнiң өткен күнiнен бастап қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн белгiленген мерзiмде төлем төленбеген жағдайда мерзiмнен бұрын тоқтатылады.  

3. Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылған, сондай-ақ қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған қорғау құжаттары туралы мәлiметтер жариялайды.

Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427