Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде патенттеу



Ст. 37 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427



1. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне шет елдерге өтiнiм беру сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап үш ай өткен соң немесе мемлекеттiк құпия болып саналатын мәлiметтердiң болуы белгiленген заңды тәртiппен жүргiзiлетiн тексеру аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.   

2. Қазақстан Республикасының өз аумағында тұратын азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiмдi халықаралық патент ұйымына, егер бұл тиiстi халықаралық шартқа қайшы келмесе, сараптама жасау ұйымы арқылы бередi.  

3. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiм шет елдерге немесе халықаралық патент ұйымына осы бап тәртiбiн бұза отырып берiлген жағдайда Қазақстан Республикасында бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлмейдi.

Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.

Статья 1 ...36-1 36-2 37 38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 37-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427