Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
10-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік



Ст. 10 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс. 

2. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. 

3. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі. 

4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық рәсімдер мен талаптар нақты және түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ