Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
101-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті



Ст. 101 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган: 

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; 

2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

3) индустриялық-инновациялық қызмет саласында білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз етуді және жұмыспен қамтуды реттеуді үйлестіруді жүзеге асырады; 

4) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады; 

5) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан келіседі; 

6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Статья 1 ...99 100 101 102 103 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 101-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ