Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктер



Ст. 131 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылауды, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. 

2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады. 

3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді. 

4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін адал субъектiлерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.

Статья 1 ...129 130 131 132 133 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 131-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ