Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
135-бап. Мемлекеттік қадағалау



Ст. 135 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк қадағалау (бұдан әрi – қадағалау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн.

2. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектеуші шараларын қолдануы болып табылады.

3. Қадағалау:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

2) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлiнедi.

Статья 1 ...133 134 135 136 137 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 135-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ