Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
142-бап. Ведомстволық есепке алу



Ст. 142 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Міндетті ведомстволық есептілік тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру санын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды, оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын және басқа көрсеткіштерді ведомстволық есепке алуға арналған есептілік нысаны болып табылады. 

Реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті ведомстволық есептілікті толтыруға міндетті. 

2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің санын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізуге міндетті. 

Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында ай сайын орналастырылады. 

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер бойынша ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері реттеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады. 

3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары бойынша ведомстволық есепке алу жүргізілмейді.

Статья 1 ...140 141 142 143 144 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 142-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ