Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
154-бап. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 154 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ




1. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде:

1) осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсеткен кезде тексерiлетiн объектiнiң аумағына және үй-жайына кедергiсiз кiруге;

2) қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тіркеу үшiн алуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;

3) мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.

2. Бақылау және қадағалау органдарының тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым салынады.

3. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;

2) тексерудi осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;

3) тексерiлетiн субъектiлердiң белгiленген жұмыс режимiне тексеру жүргiзу кезеңiнде кедергi келтірмеуге;

4) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындауға;

5) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;

6) тексерiлетiн субъектiге тексеру жүргiзу кезiнде оның нысанасына қатысты қажеттi ақпарат беруге;

7) тексеру аяқталған күнi не «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi тексерiлетiн субъектiге тапсыруға;

8) тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған құжаттардың және мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.


Статья 1 ...152 153 154 155 156 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 154-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ