Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
168-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің түрлері



Ст. 168 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Бәсекелестер (бір тауар нарығында тауарлар сатуды не сатып алуды жүзеге асыратын нарық субъектілері) болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген әрекеттер деңгейлес болып табылады. 

Тиісті тауар нарығында нарық субъектiлерiнің тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіруіне және (немесе) өткiзуіне байланысты тиісті нарықтың басқа субъектiлерiмен жарыспалылық жағдайында болатын нарық субъектiсi бәсекелес болып табылады. 

Бәсекелестiң тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіру және (немесе) өткiзу мүмкiндiгi бар (жабдыққа, технологияларға ие), бiрақ тиiстi тауар нарығында оны өндірмейтін және өткiзбейтiн нарық субъектiсi әлеуеттi бәсекелес болып табылады. 

2. Бірі тауарды сатып алатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның әлеуетті сатушысы (өнім берушісі) болып табылатын бәсекелес емес нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер сатылас болып табылады.

Статья 1 ...166 167 168 169 170 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 168-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ