Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 201 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
201-бап. Экономикалық шоғырлануды реттеу

Ескерту. 201-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Мыналар экономикалық шоғырлану деп танылады: 

1) нарық субъектiсiн бiрiктіру немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру; 

2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне, пайларына) иелік етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу немесе одан аз пайызына иелік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайлардың) елу пайызынан астамына иелік ету құқығына ие болады. 

Осы талап заңды тұлға құрылтайшыларына оның құрылуы кезінде қолданылмайды; 

3) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасын құрайтын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы; 

4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды иемденуі; 

5) сол бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы. 

2. Мыналар экономикалық шоғырлану деп танылмайды: 

1) егер бұл сатып алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) қаржы ұйымдарының сатып алуы, сондай-ақ бұл сатып алу немесе алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген қаржы ұйымдары мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін кіріс табу мақсатында пайдаланбауы (қолданбауы) шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігінде тоқтату мақсатында басқа нарық субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін қаржы ұйымдарының сатып алуы немесе меншігіне алуы; 

2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау; 

3) егер мұндай мәмiле бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыру. 

3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығы бар акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауарлар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнге белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын жағдайларда, монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi (әрекеттерді) жүзеге асыруға келiсiмi не оның осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы хабарламасы талап етiледi. 

4. Мәмілелерді жасау осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделсе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі талап етілмейді. 

5. Егер қаржы ұйымы активтерiнiң құны не өз капиталының шамасы монополияға қарсы орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерлерден асып кетсе, қаржы ұйымының қатысуымен экономикалық шоғырлануға келiсу талап етіледі. 

Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген экономикалық шоғырлануды бір мезгілде қаржы ұйымы және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын нарық субъектісі жүзеге асырса, мұндай нарық субъектісі осы баптың 3-тармағында көзделген норманы басшылыққа алады. 

6. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде осы нарықтар үшiн монополияға қарсы органның осы бапта көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi қажет болатын активтер құнының неғұрлым жоғары мөлшерлерiн және тауарлар өткiзу көлемдерiн белгiлеуге құқылы. 

7. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес өтінішхат (хабарлама) берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен кірістің сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады. 

Егер нарық субъектiсi қызметiн жүзеге асырғанына бiр жыл болмаса, тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсiнің қызмет кезеңі үшiн айқындалады. 

8. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi талап етiледi. 

Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы орган мәмiле жасалған күннен кейiн күнтізбелік қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабардар етiлуге тиiс. 

Ескерту. 201-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...199 200 201 202 203 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться