Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
203-бап. Өтінішхат беру тәртібі



Ст. 203 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ




1. Өтінішхат осы Кодекстің 204-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріле отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша жазбаша түрде жасалады. 

2. Өтінішхатта көрсетілген мәліметтер және өтінішхатқа қоса берілген құжаттар анық және толық болуға, түпнұсқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған түпнұсқа көшірмелері түрінде табыс етілуге тиіс. Өтінішхатқа қол қойған адам өтінішхатта және оған қосымшаларда берілген мәліметтер мен құжаттардың анықтығын және толықтығын жазбаша растауға тиіс. 

3. Өтінішхат және оған қосымшалар тігілген түрде ұсынылады және өтінішхат беруші тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады. 

Жеке тұлға ұсынатын өтінішхат және оған қосымшалар тігілген түрде беріледі және жеке тұлғаның нотариат куәландырған қолтаңбасымен расталады. 

4. Ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер нөмірленеді және осы Кодекстің 204-бабының тармақтары мен тармақшаларының нөмірлері көрсетіле отырып ұсынылады. Тармақ пен тармақшаның әрбір сұрағына толық жауап беріледі. 

Толық ақпарат беру мүмкін болмаған жағдайда, экономикалық шоғырлануға қатысушы бағалаушы немесе болжамдық ақпаратты, оның бағалаушы немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ оның алынған көздері және пайдаланылған бағалау мен болжам жасау әдістері көрсетіледі. 

5. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер "коммерциялық құпия" деген міндетті белгімен ұсынылады. 

6. Өтінішхатқа мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін, сондай-ақ уақыт кезеңі көрсетіле отырып, жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін беріледі. 

Жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін жасалған мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін беріледі. 

Егер нарық субъектісі өтінішхат берілген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылынан аз мерзім ішінде жұмыс істеген жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісі қызметінің жүзеге асырылуы басталғаннан бергі уақыт үшін беріледі. 

7. Нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) Қазақстан Республикасында тауарлар өндіру, өткізу көлемдері, тауарлар экспорты мен импортының көлемдері туралы мәліметтері өтінішхат берілген жылдың алдындағы екі қаржы жылы үшін, жыл басынан бастап ағымдағы кезең үшін беріледі, сондай-ақ ағымдағы кезеңнен кейінгі үш жылға арналған болжам беріледі. 

Егер нарық субъектісі өтінішхат берілген кезге қарай қызметін екі жылдан аз уақыт жүзеге асырған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісі қызметінің жүзеге асырылуы басталғаннан бергі уақыт үшін беріледі. 

8. Егер монополияға қарсы органның шешімі үшінші тұлғалардың осы Кодекспен қорғалатын құқықтарын елеулі түрде қозғауы мүмкін болса, олар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауға қатысуға құқылы. 

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауға қатысуға үшінші тұлғаларды тарту мәселесін монополияға қарсы орган шешеді, бұл туралы өтінішхат берген тұлға хабардар етіледі.


Статья 1 ...201 202 203 204 205 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 203-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ