Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы



Ст. 209 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама монополияға қарсы органға келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң монополияға қарсы орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы нұсқама жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылды деп есептеледі. 

2. Егер монополияға қарсы орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезiнде оны жасау бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтаса, монополияға қарсы орган мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға тиiс нұсқама шығарады. 

3. Мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн монополияға қарсы органның осы нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді. 

Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...207 208 209 210 211 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 209-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ