Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
210-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауды тоқтату негіздері



Ст. 210 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау: 

1) өтініш берушілерден өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарламалар келіп түскен; 

2) өтініш беруші ақпаратты монополияға қарсы орган айқындаған мерзімде бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтірген; 

3) өтініш беруші өтінішхатты объективті түрде қарауға ықпал ететін анық емес ақпарат берген жағдайларда, тоқтатылуға жатады. 

2. Монополияға қарсы органның өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және өтінішхат берген тұлғаға мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. 

3. Өтінішхатты қарау тоқтатылғаннан кейін өтініш беруші монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы. 

Статья 1 ...208 209 210 211 216 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 210-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ