Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
225-бап. Монополиялық кірісті айқындау негіздері және тәртібі



Ст. 225 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ




1. Осы Кодекспен шектелген монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде нарық субъектісі алған кіріс монополиялық кіріс болып табылады.

2. Нарық субъектісі монополиялық кірісті:

1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісім немесе келісілген әрекеттер жасауы;

2) нарық субъектісінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы нәтижесінде алуы мүмкін.

3. Монополиялық кіріс нарық субъектісінің осы баптың 2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырған кезінен бастап нарық субъектісі осы әрекеттерді тоқтатқан кезге дейін айқындалады.

4. Монополиялық кіріс:

1) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған кіріс пен осы Кодекстің 175-бабының ережелеріне сәйкес айқындалған бағалар негізінде есептелген кіріс арасындағы айырма ретінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеген кезде;

2) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі үстем жағдайға ие нарық субъектісінің бәсекелестерді тауар нарығынан ығыстырып шығару есебінен өткізу көлемдерін ұлғайту нәтижесінде алған қосымша кірісі ретінде монополиялық төмен бағаны белгілеген кезде;

3) монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісі тауар өткізуші нарық субъектісінің осындай тауарды өндіру мен өткізуге қажетті шығыстар мен пайдасы негізінде айқындаған бағасы бойынша осы нарық субъектісінің тауарды сатып алу шығындары мен тауарларды монопсониялық төмен бағалар бойынша сатып алу кезінде қалыптасқан шығындары арасындағы айырма ретінде монопсониялық төмен бағаны белгілеген кезде;

4) нарық субъектісі, тауарларды өндіруге және (немесе) өткізуге қажетті негізделген шығыстар мен іс жүзінде төленген салықтар шегерілгенде бәсекелестікке қарсы келісімдерді немесе келісілген әрекеттерді жасаған кезде осы әрекеттерден алынған бүкіл кіріс ретінде айқындалады.

5. Монополиялық кірісті алып қою Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.


Статья 1 ...223 224 225 226 227 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 225-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ