Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
227-бап. Нұсқаманы ресімдеуге қойылатын талаптар



Ст. 227 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



Нұсқама монополияға қарсы органның қатаң есептіліктегі бланкісінде ресімделеді және ол:

1) өзіне (өздеріне) қатысты нұсқама жасалатын нарық субъектісінің және (немесе) мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның немесе олардың лауазымды адамдарының атауын;

2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың анықталған фактісінің (фактілерінің), сондай-ақ нарық субъектісі не мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары бұзған құқық нормаларының сипаттамасын;

3) нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықты жою үшін жасауға тиіс (немесе оны (оларды) жасаудан тартынуға тиіс) әрекеттерді;

4) нұсқаманың орындалу мерзімін;

5) нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру мерзімін;

6) нұсқамаға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасын;

7) монополияға қарсы органның елтаңбалық мөрін қамтуға тиіс.

Статья 1 ...225 226 227 228 229 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 227-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ