Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
228-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта қарау



Ст. 228 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Монополияға қарсы орган нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық бөлімшесінің нұсқамасын) өз бастамасы не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:  

1) егер елеулі мән-жайлар монополияға қарсы органға белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін болмаған, бұл заңсыз немесе негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан;  

2) егер нұсқама анық емес ақпараттың негізінде шығарылып, бұл заңсыз немесе негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан;  

3) егер нұсқама Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып шығарылған;  

4) нұсқамада жіберілген жаңылыс жазулар немесе анық арифметикалық қате түзетілген жағдайларда қайта қарай алады.  

Монополияға қарсы орган өз нұсқамасының орындалуын оны қайта қарау аяқталғанға дейін тоқтата тұра алады, бұл туралы іске қатысатын тұлғалар жазбаша хабардар етіледі.  

2. Қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:  

1) нұсқаманы өзгеріссіз қалдыруы;  

2) нұсқаманы өзгертуі;  

3) нұсқаманың күшін жоюы;  

4) жаңа нұсқама шығаруы мүмкін.  

3. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша нұсқама қайта қаралған кезде монополияға қарсы орган өтініш (шағым) берген тұлғаның немесе өтініш (шағым) мүддесіне орай берілген тұлғаның жағдайын нашарлатуға құқылы емес. 

Ескерту. 228-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...226 227 228 229 230 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 228-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ