Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
230-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларына шағым жасау



Ст. 230 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Монополияға қарсы органның нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.  

2. Монополияға қарсы органға аумақтық бөлімшенің нұсқамаларына шағым жасау үшін:  

1) іс үшін маңызы бар мән-жайлардың толық анықталмауы;  

2) іс үшін маңызы бар және анықталған деп танылған мән-жайлардың дәлелденбеуі;  

3) шешімде жазылған түйіндердің істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;  

4) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіздер болып табылады.  

3. Нарық субъектісі монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесінің нұсқамасына нарық субъектісіне тапсырылған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органға не сотқа шағым жасай алады. 

Ескерту. 230-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...228 229 230 231 232 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 230-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ