Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару



Ст. 231 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Егер үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі осы Кодекстің 169, 170 және 174-баптарында көзделген бұзушылықтар үшін күнтізбелік бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартылса және бәсекелестікті шектейтін әрекеттер жасауды жалғастырса, монополияға қарсы орган бәсекелестікті дамыту мақсатында осы нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаны бөліп шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

2. Сот, егер жиынтығында:

1) құрылымдық бөлімшелердің технологиялық тұрғыдан негізделген өзара байланысы болмау;

2) тиісті тауар нарығында қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың дербес қызметі мүмкіндігінің бар болу шарттары орындалса, бәсекелестікті дамыту мақсатында мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару туралы шешім қабылдайды.

3. Соттың мәжбүрлеп бөлу не бөліп шығару туралы шешімі меншік иесінің немесе оның уәкілетті органының көрсетілген шешімде көзделген талаптарды ескере отырып және көрсетілген шешімде айқындалған, бірақ алты айдан аспайтын мерзімде орындауына жатады. 
5-БӨЛІМ. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 22-тарау. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Статья 1 ...229 230 231 232 233 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 231-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ