Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
249-бап. Индустриялық аймақтар



Ст. 249 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығына арналмаған жер индустриялық аймақ болып табылады. 

2. Индустриялық аймақтар кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.  

3. Индустриялық аймақтардың мiндеттерi: 

1) өнеркәсiп саласындағы кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесу; 

2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру; 

3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру; 

4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Статья 1 ...247 248 249 250 251 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 249-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ