Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
257-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары



Ст. 257 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшелiктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалады.

Мемлекеттiк қолдау түрлерi мен деңгейi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларына:

1) қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру;

2) қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер және кепiлдiмелер ұсыну;

3) қаржы институттары арқылы кредит беру;

4) қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;

5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;

6) кепiлдендiрiлген тапсырыс;

7) инновациялық гранттар беру;

8) бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;

9) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

10) жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;

11) iшкi нарықта қолдау;

12) шетелдiк инвестицияларды тарту;

13) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын дамыту және ілгерілету;

14) еңбек өнімділігін арттыруды және аумақтық кластерлерді дамытуды қолдау;

15) қаржы-экономикалық сауықтыру шеңберінде берешекті қайта құрылымдау жатады.

3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешенiнде қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау осы Кодекске және «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

4. Арнайы экономикалық аймақтарда қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн дамытуды ынталандыру «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.

5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметiн ынталандыру осы Кодексте айқындалады.

6. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын қарау, келiсу және ұсыну кезiнде мынадай өлшемшарттардың бiрiн:

1) инновациялық – экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстердi, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi жасау арқылы қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағыттылықты;

2) бәсекеге қабiлеттiлiк – қол жеткiзiлетiн нәтиженiң оны алуға кеткен шығындарға қатысы ретiнде айқындалатын, қол жеткiзiлетiн экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiк деңгейiнде көрiнетiн ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;

3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшiн индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығын басшылыққа алуға міндетті.

Статья 1 ...255 256 257 258 259 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 257-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ