Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
260-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру



Ст. 260 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентiнің қаржы институттарында қаражатты шартты түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады. 

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тұрып қалған өндірістерді қаржы-экономикалық сауықтыру, олардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшiн олар өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, оның iшiнде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жүзеге асырылады. 

3. Қаржы институттары арқылы кредит берудің шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Статья 1 ...258 259 260 261 262 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 260-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ