Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
261-бап. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау



Ст. 261 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістерді қаржы-экономикалық сауықтыру, инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшiн, олар өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, оның iшiнде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жүзеге асырылады. 

Айналым қаражатын толтыруға қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылмайды. 

2. Қаржы институттары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн жүзеге асырады. 

3. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Статья 1 ...259 260 261 262 263 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 261-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ