Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
263-бап. Кепiлдік берiлген тапсырыс



Ст. 263 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Технологиялық меморандумдарды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасайды және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн айқындайды.

2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негiзiнде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi беруге индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен шарттар жасасу арқылы кепiлдік берiлген тапсырысты орналастырады. Көрсетiлген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетiмдiлiктi, тасымалдау шарттарын қоса алғанда, ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделерiне сай келуге тиiс және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келмеуге тиiс.

3. Кепiлдік берілген тапсырыс «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк қағидалар негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорына енгiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi барлық әлеуеттi берушілер арасында сатып алу рәсiмдерiн ұйымдастыру арқылы орналастырылады.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқоры отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды берушiлердiң тiзбесiн білдіреді.

Статья 1 ...261 262 263 264 265 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 263-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ