Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
270-бап. Отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету



Ст. 270 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау шараларын ұсынуды және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын және Ұлттық палатаны тарта отырып жүзеге асырады.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша сервистiк қолдау шаралары:

1) олардың экспорттық әлеуетiнiң диагностикасы;

2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткiзу, көрме-жәрмеңке қызметiн жүзеге асыру, отандық өндiрушiлердiң тауар белгілерін шетелде ілгерілету және шетелде қазақстандық өндірушілердің ұлттық стендтерін ұйымдастыру;

3) отандық өндiрушiлер және олардың тауарлары, көрсетiлетiн қызметтерi туралы ақпаратты шетелде тұрақты негiзде орналастыру арқылы әлеуеттi шетелдiк сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;

4) отандық өңделген тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелерi бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;

5) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi халықаралық гуманитарлық көмек нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу;

6) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредит беру және сақтандыру тетiктерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Статья 1 ...268 269 270 271 272 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 270-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ