Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
272-бап. Берешекті қайта құрылымдау



Ст. 272 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Берешекті қайта құрылымдау индустриялық-иннновациялық қызмет субъектілерін қаржы-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістердің инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру, өндірістерді іске қосу үшін индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру мақсатында олар үшінші тұлғалардан қосымша қаржыландыруды тартқан және (немесе) өзінің жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүлкі, оның ішінде ақша түрінде тиісінше қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда, пайдаланылатын құралдар ауқымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылады. 

2. Берешекті қайта құрылымдау төлемдер кестесін өзгерту, құқықтарды (талаптарды) толық немесе ішінара тоқтату, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сыйақыны, оның ішінде негізгі борышқа капиталданған сыйақыны, инвестициялық өсімді, негізгі борышты және өзге де дебиторлық берешекті кешіру, инвестициялаудың және (немесе) кредит берудің және (немесе) қаржыландырудың, берешекті жарғылық капиталдарға айырбастаудың мерзімдері мен шарттарын өзгерту арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен мүмкін болады. 

25-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
1-параграф. Инвестициялардың құқықтық режімі


Статья 1 ...270 271 272 273 274 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 272-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ