Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
274-бап. Инвестициялар, инвестор, ірі инвестор және инвестициялық қызмет ұғымдары



Ст. 274 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) инвестициялар болып табылады.

2. Инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.

3. Жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi құру немесе ұлғайту жөнiндегi қызметi инвестициялық қызмет деп танылады.

4. Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға түсініледі.

Статья 1 ...272 273 274 275 276 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 274-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ