Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
278-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа инвесторлардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету



Ст. 278 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми хабарлары және нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланады. 

2. Дауыс беретін акцияларының он пайызынан аз (қатысушылардың жалпы дауыс санының он пайыз дауысынан аз) мөлшерде инвестицияларды жүзеге асырған инвесторларды қоса алғанда, заңды тұлғаларды тiркеу, олардың жарғылары, жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелердi тiркеу, берiлген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыруына байланысты және коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де ақпаратқа инвесторлардың еркiн қол жеткiзуi қамтамасыз етiледi.

Статья 1 ...276 277 278 279 280 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 278-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ