Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
280-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға өтуі

Ст. 280 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Егер шет мемлекет немесе ол уәкiлеттік берген мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты оған берiлген кепiлдiк (сақтандыру шарты) бойынша инвестордың пайдасына төлем жүргiзетiн болса және көрсетілген инвестицияларға инвестордың құқықтары осы шет мемлекетке не ол уәкiлеттік берген мемлекеттiк органға өтетін болса (талаптар берiлетiн болса), Қазақстан Республикасында құқықтардың осылай өтуі (талаптардың берiлуi) инвестор Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған және (немесе) ол белгiлi бiр шарттық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда ғана заңды деп танылады. 

2-параграф. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау


РҚАО-ның ескертпесі!

281-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

281-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты


1. Экономиканы дамыту үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты болып табылады. 

2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
Статья 1 ...278 279 280 281 282 ...324

Перейти к статье






Добавить комментарий к 280-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ