Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
283-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері



Ст. 283 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар инвестициялық преференциялар болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуымен құрылған заңды тұлға.

2. Инвестициялық жоба (оның iшiнде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi берiледi:

1) кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату;

2) мемлекеттiк заттай гранттар.

3. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың (бұдан әрi – инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар) мынадай түрлерi берiледi:

1) салықтар бойынша преференциялар;

2) инвестициялық субсидия.

4. Инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салық жөніндегі преференциялар (бұдан әрі – инвестициялық стратегиялық жобаға арналған инвестициялық преференциялар) беріледі.

Статья 1 ...281 282 283 284 285 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 283-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ