Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 293 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.05.2018

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
293-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi қарау мерзiмдерi

1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға қарау үшін берiледi, ол осы Кодекстің 285 және 286-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес өтiнiм тiркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде шешiм қабылдайды. 

Инвестициялық субсидия түріндегі инвестициялық преференция беруге арналған өтінімді қарау тәртібі инвестициялық субсидия беру қағидаларында айқындалады. 

2. Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды. 

3. Осы баптың ережелері арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдерге қолданылмайды. 

Ескерту. 293-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...291 292 293 294 295 ...324

Перейти к статье






Добавить комментарий к 293-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ