Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
304-бап. Төрелікте құқықтарды қорғау



Ст. 304 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау төрелік келісім болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен төрелікте қаралуы мүмкін. 

2. Дауды шешу үшін төреліктер тұрақты жұмыс істейтін төрелік немесе нақты дауды шешуге арналған төрелік түрінде құрылуы мүмкін. 

3. Тұрақты жұмыс істейтін төреліктерді ұйымдастыру және олардың қызметінің тәртібі олардың регламенттерінде және Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленеді. 

4. Егер нақты дауды шешу үшін құрылатын төрелікті ұйымдастыруға және оның қызметінің тәртібіне қойылатын өзге де талаптар Қазақстан Республикасының заңында және халықаралық шарттарында белгіленбесе, онда олар тараптардың келісімімен айқындалады. 

5. Егер төрелік шешім онда белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаса, онда ол Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындалуға жатады. 

Ескерту. 304-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...302 303 304 305 306 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 304-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ