Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
310-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің міндеттері



Ст. 310 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметті жүзеге асыру кезінде:  

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;  

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар қолдануға;  

3) өтiнiштердi қарау кезінде объективтілік және бейтараптық танытуға;  

4) өзiн қорғау үшін жүгінген адамның құқықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн қандай да бiр әрекеттерді жасамауға мiндеттi. 

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Президентіне бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы баяндаманы ұсынады.

Статья 1 ...308 309 310 311 312 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 310-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ