Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
315-бап. Инвестициялық омбудсменнің функциялары



Ст. 315 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында инвестициялық омбудсмен: 

1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады; 

2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді; 

3) инвестициялық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді. 

2. Инвестициялық омбудсменнің ұсынымдары хаттар және инвестициялық омбудсмен өткізген кеңестердің хаттамалары түрінде ресімделеді.  

3. Инвестициялық омбудсмен инвесторлардың соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен туындайтын мәселелерін реттеу үшін мемлекеттік органдармен және ұйымдармен консультациялар және хаттамалық кездесулер өткізеді. 

4. Егер инвесторлардың мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілмейтін жағдайда, инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

Статья 1 ...313 314 315 316 317 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 315-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ