Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
316-бап. Инвестициялық омбудсменнің құқықтары мен міндеттері



Ст. 316 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Инвестициялық омбудсменнің:

1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан өтініштерді қарау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының кідіріссіз қабылдауына;

3) инвесторлардың өтініштері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын тыңдауға;

4) инвестициялық омбудсменге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.

2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне қатысты инвесторлардың өтініштерін қарауға, сондай-ақ олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

3) өтініштерді қарау кезінде объективті және бейтарап болуға;

4) өзін қорғау үшін жүгінген инвестордың құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін қандай да бір әрекеттерді жасамауға міндетті.

Статья 1 ...314 315 316 317 318 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 316-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ