Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 322 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
322-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргізу кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

2. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады. 

Өтелуге қойылатын залалдар көлеміне, оның ішінде кәсiпкерлiк субъектiлерінің жұмыскерлеріне материалдарды тексеруге дайындағаны үшін төленген сыйақы сомалары, өндiрiстің мәжбүрлеп тоқтатылған уақытындағы жалақы, өндiрiстi тоқта тұру салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өткiзген кезде кәсiпкерлiк субъектiсiнің алуы мүмкін, жіберіп алған пайда енгізiледі. 

31-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...320 321 322 323 324

Перейти к статье






Добавить комментарий к 322-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ