Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
43-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелерінің құқықтары және міндеттері



Ст. 43 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы: 

1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға; 

3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге; 

4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға; 

5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге; 

6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға; 

7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы: 

1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға; 

2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға; 

3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайларын жасауға; 

4) жалдамалы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс беруші актілерін шығаруға; 

5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 

3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері: 

1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға; 

2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде осы қожалықтың бухгалтерлік есебінің, қаржылық есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға; 

3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа да мүшелердің құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағыммен жүгінуге; 

4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелері жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға; 

5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері: 

1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының шешімдерін орындауға; 

2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға; 

3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, қожалықты тіркеген органдарға бұл туралы ортақ өтінішпен хабарлауға; 

4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 43-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ