Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
48-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң шарттары



Ст. 48 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Шаруа немесе фермер қожалығы өз шығыстарын алатын кірісінің есебiнен жабады. 

2. Шаруа немесе фермер қожалығының өндiрiстiк, коммерциялық және өзге де қатынастары шарттық негiзде жүзеге асырылады. 

3. Шаруа немесе фермер қожалығындағы жұмыстарды орындауға еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы мүмкiн.  

4. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалады. 

5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi және қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады. 

6. Шаруа және фермер қожалықтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру жүйесін пайдалануға құқығы бар.

Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 48-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ